Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріледі

5-05-2023, 11:51 Думан Кенжеғазыұлы

2022 жылы «Даму» қоры 27,9 млрд теңгеге 649 жобаны субсидиялады және 496 жобаға 7,1 млрд теңгеге кепілдік берді.

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында қаржылық қолдау шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов атап өткендей, биыл бұл мақсатқа 8,6 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Қамқор» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы әзірленді.

– Бұл бағдарлама ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі, оған жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге бөлінген. Даму қоры өз тарапынан 600 млн теңге бөлді. Кәсіпкерлік бастамалар үшін жастарға жылдық 2,5 пайызбен шағын несие беру жұмыстары басталды. Бұл үшін бюджеттен 1 млрд теңге қарастырылған. Барлығы 200-ден астам шағын несие берілді, - деді Айдын Кәрімов.

Сонымен қатар, өткен жылы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 339 жоба қаралып, конкурстық комиссияның қорытындысы бойынша 18 жобаға 46 млн теңгеге өтеусіз гранттар берілді.

Биылғы жылы бюджеттен мемлекеттік гранттар беруге 100 млн теңге қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив