Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Стратегиялық инфрақұрылым қауіпсіздігі – Тоқаев тапсырмасының маңыздылығы

4-03-2026, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін күшейту туралы нақты тапсырма беру арқылы ұлттық қауіпсіздік мәселесіне жүйелі көзқарас бар екенін көрсетті. Бұл шешім қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында дер кезінде қабылданған маңызды қадам деп бағалауға болады.

Әсіресе көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылым – кез келген мемлекеттің өміршеңдігін айқындайтын стратегиялық салалар. Әуежайлар, теңіз және өзен порттары секілді нысандар тек экономикалық емес, қауіпсіздік тұрғысынан да аса маңызды. Олардың тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеуі – халықтың күнделікті өмірімен тікелей байланысты.

Президенттің тапсырмасының тағы бір маңызды қыры – оны жүзеге асыруға Үкіметтен бастап, күштік құрылымдар, ұлттық компаниялар мен өңір әкімдіктеріне дейінгі барлық деңгейдің тартылуы. Бұл – қауіпсіздік мәселесіне кешенді әрі үйлестірілген тәсілдің қажет екенін аңғартады. Ал жұмысты Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысына жүктеу – бақылау мен жауапкершілікті нақтылаудың тиімді тетігі.

Сондай-ақ Самұрық-Қазына қоры мен ұлттық компаниялардың қатысуы экономикалық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың өзара байланысын күшейтеді.

Жалпы алғанда, бұл бастама елдегі тұрақтылықты сақтауға, ықтимал тәуекелдердің алдын алуға және стратегиялық нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай алдын алу шаралары – кез келген дағдарыстың салдарын азайтудың ең тиімді жолы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив