Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Абай гарнизонында мерзімді қызметін өтеген сарбаздарға құрмет көрсетілді

Бүгін, 09:21 018.kz

Абай гарнизонында орналасқан 28738 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін аяқтаған сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Жауынгерлік тумен қоштасу – әрбір сарбаз үшін ерекше әрі маңызды сәт.

Салтанатты жиында бөлім командирі, полковник Абылай Шілдебаев сөз сөйлеп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған сарбаздарға алғысын білдірді. Ол әскери қызмет барысында тәртіп пен жауапкершілікті жоғары деңгейде көрсеткен жауынгерлерге ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар, бірқатар үздік сарбаздар марапатталып, олардың қызметтегі жетістіктері ерекше атап өтілді. Бұл – олардың еңбегіне берілген лайықты баға болды.

Осылайша, 135 сарбаз әскери міндетін абыроймен аяқтап, туған жерлеріне аттанды. Әскерде шыңдалған олар алдағы уақытта ел дамуына өз үлестерін қосатыны сөзсіз.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив