Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
457.21 534.62 6.08

Сенат мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру мәселесін қарады

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қаралды. Талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Заң мемлекеттік қызметтің заманауи, тиімді және кәсіби жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Құжатта мемлекеттік қызметшілердің қағидаттары, құқықтық мәртебесі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ қызметке кіру, өту және тоқтату тәртібі айқындалады.

Негізгі жаңалықтардың қатарына бір орын аясында бірнеше лауазымдық деңгейді көздейтін мансаптық көлбеу өсу тетігін енгізу жатады. Көшу кезіндегі тұрғын үй төлемдері, қосымша демалыстар және өтемақы кепілдіктерімен қоса мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту шаралары көзделген.

Мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды. «Е-қызмет» жүйесі арқылы іріктеудің цифрлық түрі енгізіледі, адамдарды басқару қызметінің рөлі күшейтіледі, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу қызметі құрылады.

Ілеспе заң қолданыстағы заңнаманы мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға сәйкес келтіруге және құқықтың жекелеген салаларын жетілдіруге бағытталған. Құжат 18 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Атап айтқанда, еңбек заңнамасының ережелері нақтыланады, мемлекеттік органдарда еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын адамдар қызметінің ерекшеліктері реттеледі.

Мемлекеттік қызметшілерді есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолдану тұрғысынан, оның ішінде жыл сайын басшы лауазымдарды атқаратын адамдарға денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық куәландыру туралы баптар енгізіледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тетіктері де жетілдірілуде. Жүйенің тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды қолдау және әкімшілік кедергілерді азайту үшін болмашы негіздер бойынша бас тартуға жол бермеу бекітіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив