Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Бас прокуратураның делегациясы Түркияда өткен халықаралық конференцияға қатысты

5-05-2023, 16:30 Думан Кенжеғазыұлы

А.ж. 2-4 мамыры аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері Түркия Республикасы Стамбул қаласында өткен «Цифрландыру дәуіріндегі тиімді тергеулер» тақырыбындағы Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 1-жалпыеуропалық өңірлік конференцияға қатысты.

Конференцияда 32 елден келген прокурорлар цифрландырудың тергеулерге әсерін талқылады, сондай-ақ әріптестер алдында тұрған проблемаларды шешу бойынша білімдерімен және тәжірибелерімен алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркияның қылмыстық қудалау желісі бойынша екіжақты келісімдері шеңберінде (15.08.1995 ж. және 04.07.2013ж.) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары  Ж.Ж. Өмірәлиев Түркияның Бас Прокуроры Б. Шахинмен кездесті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көпжылдық ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, оны одан әрі нығайту туралы келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив