Арнайы экономикалық аймақтар: барлығына қолжетімді тың мүмкіндік
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылдың 31-ші желтоқсанында «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі - АЭА) тар шеңберлі салалық бағыттан ауысу бойынша шараларды белгілеп, сондай-ақ жер учаскелерін беру рәсімін оңтайландыруға байланысты түзетулер енгізді.
Жоғарыда көрсетілген түзетулер шеңберінде келесідей өзгерістер қарастырылған:
1. Міндеттемелерді орындағаннан кейін жер учаскесін мерзімінен бұрын сатып алу құқығын беру.
Инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында іске асырылып жатқан жобаның барлық нысаны пайдалануға берілген сәттен бастап, 3 жыл өткен бойда өз міндеттемелерін адал орындаған АЭА қатысушыларына жер учаскесін сатып алу құқығын беру тетігі қарастырылып отыр. Жер учаскесін сатып алудың міндетті шарты тиісті нысандарда толықтай жүзеге асырылған өндіріс жобалары болуға тиіс.
2. Басымдықтағы қызмет түрлерімен айналыспайтын әлеуетті инвесторлардың инвестициялық жеңілдіктерді қолданбай АЭА қабылдану жолдары.
Басымдақтығы қызмет түрлеріне қарамастан осы норманың аясында «бейінді емес қызмет түрлері» деген жаңа термин енгізіліп, бұған өңдеу өнеркәсібін жолға қойған бизнес субъектілері кіріп отыр. Алайда олардың АЭА аумағындағы кәсібі шикізатты, материалдарды, басқа да заттарды, жаңа өнімге арналған құрамдас бөлшектерді өңдеуге байланысты болу қажет.
Бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар АЭА қатысушылары болып саналмайтынын ескерсек, оларға салық және кедендік баждардан босату тәртібі қолданылмайды.
3. Өтінімдерді қарауды стандарттау.
Басымдақтығы қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу ережелерін бекіту арқылы оларды кеңейту процесі стандартталды. Бұл ережелер әдістемеден бөлек тиісті жобаларды қараудың нақты мерзімдері мен қажетті құжаттардың қысқаша тізімін анықтайтынын айта кетейік.
Сонымен қатар жоғарыда айтылған заңда АЭА қызметін жетілдіруге арналған өзге де нормалар қарастырылған. Айталық:
– құрылыс және инфрақұрылымды жүргізу бөлігінде қатысушыларға қосымша құқықтар беру;
– қатысушылардың міндеттемелерін күшейту;
– АЭА қатысушысы атану үшін тиісті өтінімді беру жөніндегі ұсынылатын құжаттар тізбесін кеңейту;
– уәкілетті орган тарапынан АЭА даму стратегиясының жобаларын қарау мерзімдерін белгілеу.