Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды

6-05-2023, 13:04 Думан Кенжеғазыұлы

Халықаралық волонтерлер форумына қатысуға өтінім қабылдау басталды. 

(Форум ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, республикалық волонтерлер фронт-офисі, «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ).

Конкурсқа қатысуға белсенді волонтерлерді, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың, бастамашыл топтардың (18 жастан бастап) басшыларын шақырамыз.

Конкурс ережелерімен мына сілтеме арқылы танысып, өтініш беруге болады: 

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdS-l0D417M39RkT4B7eiFX8qHrllsZWIQV_pPN75aEiwsluA/viewform?usp=sf_link

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 5-15 мамыр аралығында өтеді.

Байқау қорытындысы 25 мамырдан кейін жарияланады.

Әр өңірден 4 жеңімпаз 20-21 маусымда Астана қаласында өтетін Халықаралық волонтерлер форумына шақырылады.

Бүгінде форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін ірі халықаралық іс-шаралардың біріне айналған. Онда 30-дан астам шет елдерден, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінен бірқатар делегаттар қатысады деп жоспарлануда.

Форумның негізгі мақсаты: Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын өткізу жөніндегі БҰҰ сессиясында айтылған бастамасын ілгерілету.

Толық ақпаратты республикалық фронт-офистің Call орталығы (87787064242) немесе frontoffice.kz@gmail.com электрондық мекенжайға жазу арқылы білуге болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив