Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
469.83 536.83 5.97

Конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында волейбол турнирі өтті

14-05-2026, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

2026 жылғы 12 мамыр күні Абай облысының дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында конфессияаралық келісімді нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және діни бірлестіктер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Турнирге қала және аудан аумағындағы діни бірлестіктер өкілдерінен құралған 12 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Әбу-Бәкір мешіті
🥈 ІІ орын – Тас мешіті
🥉 ІІІ орын – Абай ауданындағы Құнанбай қажы мешіті

Жеңімпаз командалар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға, конфессияаралық өзара сыйластық пен ынтымақтастықты арттыруға бағытталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив