Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.17 547.47 6.42

Қазақстан Үкіметі Қарағанды облысында құны 42,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт салу жобасын мақұлдады

Бүгін, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС арасындағы өндірістік қуаттарды салу және жаңғырту жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 42,5 млрд теңгені құрайды. Жоба саладағы ірі инвестициялық бастамалардың біріне айналады және фармацевтикалық өндірісті локализациялауды тереңдетуге, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды дамытуға бағытталған. 

Жоба аясында дәрілік заттардың 74 атауын өндіру жоспарланып отыр. Өндірістік желі медицинаның маңызды бағыттарын, оның ішінде, онкологиялық, аутоиммунды және орфандық ауруларды емдеуге арналған инновациялық дәрілік препараттарды қамтиды. Зауыт әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мен емдеуге қажетті иммунобиологиялық және басқа да жоғары технологиялық препараттарды өндірумен қатар, әлемдік стандарттар бойынша белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің, биологиялық және биотехнологиялық өнімдердің синтедеуді жолға қояды. Бұл фармацевтика саласын дамытудың мемлекеттік басымдықтарына сәйкес келеді. 

Жобаны жүзеге асыру еліміздің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Қарағандыда 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын аша отырып, заманауи фармацевтикалық өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қазақстанның фармацевтика саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша фармацевтика өндірісінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артып, 191,1 млрд теңгеге жетті, бұл ретте инвестиция көлемі бір жыл ішінде $91,3 млн-нан $142,8 млн-ға дейін өсті. 2025 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін салада жалпы сомасы 360 млрд теңгеге жеті инвестициялық келісім жасалды, олар 474-ке жуық дәрілік заттардың атауын өндіруге және 1 170-тен астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив