Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.11 545.58 6.2

Көкпектіде дәрігерлердің кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі тұрғындардың алғысына бөленуде

18-05-2026, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті орталық аудандық ауруханасында еңбек етіп жүрген дәрігерлер Жанна Баймадиева мен Роза Оспанова өз ісіне деген адалдығымен және кәсіби біліктілігімен тұрғындардың зор құрметіне ие болып отыр.

Аталған ақ халатты абзал жандар емханаға келген әрбір пациентті жылы шыраймен қарсы алып, сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Науқастарға дер кезінде көмек көрсету, дұрыс диагноз қою және ем-дом шараларын мұқият жүргізу – олардың күнделікті басты міндеті.

Пациенттердің бірі Алтынай Манарбекова дәрігерлердің жұмысына ерекше ризашылығын білдіріп, олардың әрбір науқасқа үлкен жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Жанна Баймадиева мен Роза Оспанова әрдайым сабырлы қалып сақтап, ем қабылдаушыларға түсіністікпен қарап, жылы сөзбен демеу көрсетеді.

– Қашан барсаң да жылы қарсы алады, ем-домын мұқият жасап, бәрін түсіндіріп береді. Осындай дәрігерлер барда сеніммен ем алуға болады, – дейді ол.

Аурухана ұжымы да білікті мамандардың еңбегін жоғары бағалап, олардың кәсіби шеберлігі аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға зор үлес қосып отырғанын атап өтуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив