Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

Ербол Мырзабосынов World Boxing ұйымының басшылығымен кездесті

Бүгін, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен бірге 2027 жылғы бокстан әлем чемпионатына дайындық барысын инспекциялау мақсатында Астанаға келген World Boxing халықаралық ұйымының өкілдерімен кездесті.

Жиынға World Boxing ұйымының бас хатшысы Томми Рене Жозефин Дилен, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, сондай-ақ ұйым мен министрлік өкілдері қатысты.

Ербол Мырзабосынов Қазақстанның World Boxing ұйымымен ынтымақтастығының маңызын атап өтіп, әлем чемпионатын өткізу отандық спорт үшін маңызды оқиға екенін айтты.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокстың еліміздегі ұлттық спорт түрлерінің бірі ретіндегі айрықша рөлін бірнеше рет атап өтті. Астанада әлем чемпионатын өткізу отандық боксты дамытуға, халықаралық спорттық байланысты нығайтуға және жастар арасында спортты насихаттауға үлкен серпін береді», – деді министр.

Кездесу барысында тараптар 2027 жылғы әлем чемпионатына дайындық, спорттық инфрақұрылым, ареналардың дайындығы және Қазақстан мен World Boxing арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

World Boxing өкілдері әлем біріншілігінің дайындық жоспарымен танысып, Қазақстанда халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді.

Еске сала кетейік, World Boxing ұйымдастыратын әлем чемпионаты 2027 жылдың сәуір айында Астанада өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив