Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
477.11 545.58 6.2

Курчатовта 40 қарағай мен 20 шырша көшеті отырғызылды

22-05-2026, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Курчатов қаласындағы «Жастар саябағы» алаңында өткен көшет отырғызу рәсіміне қатысты.

Экологиялық шараға еліміздің 12 өңірінен келген жастар орталықтарының мамандары мен белсенді волонтерлер атсалысты. Акция барысында жастар қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық белсенділікті арттыру және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.

Өзге өңірлерден келген жастардың бірі мұндай ауқымды шаралар жастардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа идеялар мен бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруына мүмкіндік беретінін айтты.

Саябақ аумағына 40 қарағай мен 20 шырша көшеті отырғызылды. Шара соңында аймақ басшысы жастармен бірге естелік фотосуретке түсті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив