Бөкенші ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті іске қосылды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданы Жиенәлі ауылдық округіне қарасты Бөкенші ауылындағы өрт сөндіру пунктінің жұмысымен танысты.
Нысан өрт сөндіру қызметінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде екі өрт сөндіру көлігіне арналған көлікжай, диспетчерлік пункт, санитарлық бөлмелер және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ету қарастырылған.
Өрт сөндіру бекетінің құрылысы сәуір айында басталып, қазіргі уақытта толық аяқталып отыр. Пунктте 2 техника қызмет көрсетеді. Штат саны – 4 қызметкер.
Аймақ басшысы ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
«Бөкенші ауылы – үнемі назардағы елді мекендердің бірі. Өрт сөндіру бекетінің ауылдың кіреберісінде, жол бойында қолайлы жерде орналасуы төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі әрдайым бақылауда болуы тиіс. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Алдағы уақытта да Бөкенші ауылына әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», - деді Берік Уәли.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі










