Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
470.8 545.99 6.6

Талица ауылындағы ауыз су құбыры іске қосылды

23-05-2026, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына барып, Талица ауылындағы ауыз су құбырының іске қосылу рәсіміне қатысты.

Жобаны жүзеге асыру барысында 9,5 шақырым су құбыры тартылып, 104 су құдығы мен 23 өрт гидранты орнатылды. Сонымен қатар мектеп аумағына өртке қарсы резервуар қойылып, сыйымдылығы 60 текше метр болатын екі су қоймасы салынды. Электр желілері тартылып, трансформатор мен дизельдік генератор да бар. Насостық станция іске қосылып, жоба аясында 98 тұрғын үй мен Талица орта мектебіне ауыз су құбыры жүргізілді.

Аймақ басшысы жауапты мекемелер мен мердігер ұйымдарға атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

«Былтыр Жаңасемей ауданының Талица ауылына жұмыс сапарымен келген кезде тұрғындармен кездесіп, бірқатар маңызды мәселені көтерген едік. Соның ең бастысы – ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету болатын. Бүгін, міне, сол уәдеміз орындалып, ел игілігіне арналған су құбыры іске қосылып отыр. Енді ауыл тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сонымен қатар халық тарапынан көтерілген тағы бір өзекті мәселе – интернет. Қазіргі таңда қажетті қаражат бөлініп, екі ауылды интернет желісіне қосу бойынша конкурстық рәсімдер өтіп жатыр. Жоспар бойынша қыркүйек айында ауылдар толықтай интернетке қосылады. Алдағы уақытта да елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады», - деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Жаңасемей ауданында ауыз суға қолжетімділікті арттыру мақсатында 8 елді мекенде блок-модульдік станциялар орнатылды. Атап айтқанда, Шоптығақ, Қыземшек, Жазық, Баженово, Климентьевка, Қаракөл және Самай ауылдары қамтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив