Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Алматыда XVII Сауда әлемі халықаралық конвенті өтті

7-05-2023, 16:10 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда 27-29 сәуір күндері XVII Сауда әлемі халықаралық конвенті өтті, бұл осы саланың дамуына елеулі үлес қосатын әрі ритейл саласының күнтізбесінде дәстүрлі шараға айналған ауқымды оқиға.            

Биыл осы шара тәжірибе алмасу және бизнестегі жаңа тенденцияларды бөлісу, бастысы ең озық ритейлшілер мен сауда нарығында жаңа технологияларды енгізіп жүрген, тауарларды, жабдықтарды өндірушілердің өзара сапалы байланыс орнатуы мақсатында 250 астам өкілдердің басын құрады. Конвентке Қазақстан, Ресей, Италия, Грузия және Ираннан келген өндірушілер қатысты. Онлайн және оффлайн форматындағы келіссөздерге Қазақстан, Беларус, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Грузиядан келген дистрибьюторлар мен сауда желілерінің өкілдері қатысты.

Сауда әлемі конвенті келіссөзге процесіне қолайлы форматты өтті. Жеткізушілер екі күнде 50 астам ритейлшілермен келіссөз жүргізіп, оларды өз өнімдерімен таныстыруға, шарадан соң ары қарай өзара келісімдерді талқылау үшін байланыс орнатуға үлгерді.

Еуразиялық сауда конгресі

Сауда әлемі Конвентінің маңызды бағыттарының бірі Еуразиялық сауда конгресі болды. Биыл Конгресс сахнасында осы саланың жетекші ойыншылары сөз сөйледі: Иван Федяков, INFOline компаниялар тобының негізін қалаушы және бас директоры, Максим Губанов, ТМД Wildberries жетекшісі, Мария Каданцева, MD Insight компаниясының Бас директоры, Alibaba компаниясының Ресей мен ТМД-дағы ресми сервис-серіктесі, Андрей Подданец, INMART және INFARM (Қазақстан) желілерінің негізін қалаушы, Игорь Василюк, «Меломан» компаниясының даму жөніндегі директоры (Қазақстан), Денис Косаченко, M Cosmetic сауда желісінің бас директоры (Өзбекстан), Жанна Лукпанова, «Спортмастер Қазақстан» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры, Әлішер Тунгушбаев, Яндекс жеткізу басшысы (Қазақстан) және басқалары.

Сарапшылар ритейлдің қазіргі жағдайын талқылады, нарық динамикасын талдады және болашақтағы бағдарларды сипаттады. Қатысушылар сонымен қатар бизнес-процестерді оңтайландыруға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетін заманауи технологиялар мен әдістерді қарастырды.      

«Онлайн-бөлшек сауда стратегиялары: омниканалдылық, маркетплейстер, интернет-дүкендер» панельдік талқылауында Infoline компаниялар тобының негізін қалаушы және бас директоры Иван Федяков Қазақстанда маркетплейстердің дамуы көп арналы ойыншылардың онлайн-сатылымының өсуінен едәуір озып тұрғанын айтты: 2022 жылдың қорытындысы бойынша 90% қарсы 30% көрсеткішті байқаймыз.

Қазақстандық компаниялардың өкілдігі Alibaba онлайн-платформасында да өсуде. Ресей мен ТМД-дағы Alibaba ресми сервис-серіктесі MD Insight компаниясының бас директоры Мария Каданцеваның айтуынша, 2023 жылы қытайлық маркетплейсте бүгінгі күні 7 000 қазақстандық тауар ұсынылған және бұл көрсеткіштер жылына орта есеппен 20-25% - ға өсіп келеді. 

ТМД Wildberries басшысы Максим Губанов Қазақстаннан жеткізушілер саны Wildberries-те де өсіп келе жатқанын атап өтті. 2023 жылдың бірінші тоқсанында Wildberries маркетплейсінде олардың саны 7,5 есе өскен.

Сауда әлемі Конвентінде Қазақстандағы 2023 жылғы FMCG нарығы туралы талдамалық баяндамамен NielsenIQ Kazakhstan компаниясының коммерциялық директоры Мадина Сейсенғалиева сөз сөйледі. Оның айтуынша, қазақстандық өндірушілердің 77%-ы өз тауарларының бағасын көтеруге ниетті. Сауалнамаға қатысқан өндірушілердің көпшілігі өз брендтері мен өнімдерінің бағасын 10% - ға дейін көтергісі келеді. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан қазақстандық сатып алушылардың 48%-ы алдағы айларда бағаның өсуін күтіп жүр, әрбір бесінші сатып алушы алдағы 3 айда күнделікті сұраныстағы тауарларға бағаның 20% -дан астам өседі деп ойлайды.

Қазақстандағы сауда нарығы үшін бөлшек саудагерлер мен жеткізушілер арасындағы Үлкен дөңгелек үстел маңызды рөл атқарады, онда бөлшек саудадағы нақты проблемалар, оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды. Нарықтың барлық қатысушылары Қазақстандағы FMCG нарығындағы жағдайға қатысты өз пікірлерін бөлісу мүмкіндігіне ие болды. 

Дөңгелек үстелге «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда департаментінің басқарушы директоры Әсет Айтбаев қатысты.

 «Бүгін мен бүкіл бизнестің ортақ мүддесін арқалап келіп отырмын. Біздің мақсатымыз – диалог орнату, себебі жеткізушілер мен сауда желілерінің бітпейтін текетіресін көреміз. Бізге осыған қатысты көптеген өтініштер келіп түседі», - деді Әсет Айтбаев.

 «Атамекен» ҰКП өкілі Қазақстанда баға белгілеуді реттеу идеясын атып келе жатқанын еске салды. Өндірушілердің өздері бұл мәселені инновацияларды түпкілікті енгізер алдында мұқият саралау керек екенін атап өтті.

«Сауда әлемі Конвенті сауда индустриясын дамытудың әлеуеті зор екенін және бөлшек саудагерлер мен жеткізушілер өз бизнестерін табысты дамыту үшін тығыз қарым - қатынасты жалғастыруы керек екенін көрсетті», - деді Сауда әлемі Конвентінің ұйымдастырушысы Елена Саргалдакова.

 Келесі Сауда әлемі Конвенті 2023 жылғы қазанның 18-20 күндері Алматыда өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив