Отандық саудагерлердің басым бөлігі қамбыттаған тауар орнына арзан балама іздейді
Мұндай деректі Сауда әлемі 17-ші халықаралық конвенті қарсаңында қазақстандық сауда желілеріне жүргізілген сауалнама көрсетті. Сауалнама қазақстандық бөлшек саудагерлердің 2023 жылды қалай көретінін және дүкен сөрелеріндегі тауардың қалай өзгергенін білу мақсатында жүргізілді.
Сауалнамаға қатысқан қазақстандық сауда желілерінің 45,5%-ы осы жылдың өзекті тренді бағасы өскен тауарларды ауыстыруға қолжетімді тауарларды іздеу екенін мойындайды. Бөлшек саудагерлердің 55,5%-ы бұл трендті растамады, бірақ оған орташа баға береді.
Сатып алушы сөрелердегі акциялар мен жеңілідктерді қарап, соларға қарай сатып алуын реттеп, ақшасын үнемді жұмсай бастаған. Бұл ретте сауалнамаға қатысқандардың тек 18%-ы, орташа бағалық ассортименттің таралуы және дискаунтерлердің белсенді дамуы 2023 жылғы күшті тренд екенін растап, ал 9%-ы мұндай тренд тренд жоқ деп санайды.
Отандық сауда желілердің 64 пайызы тауарлардың азық-түліктік емес сегментіне деген сұраныс төмендегенін белгіледі, респонденттердің 18 пайызы бұл тренд күшті деп санайды. Тұтынушылық сұраныс азық-түлік өнімдеріне қарай ауысқан. Сондай-ақ, сауалнама қазіргі кезде азық-түлік емес санаттағы ассортименттің қол жетімділігіне қатысты проблемалар азық-түлік санаттарына қарағанда көбірек екенін көрсетті.
Қазақстандық бөлшек саудагерлердің 20%-ы ғана күшті тренд ретінде сатып алушылар арасында сұранысқа ие брендтік тауарлардың тұрақты жиынтығының өзгеруін белгілеген. Ал 40%-ы оны орташа тренд ретінде сипаттайды. Сауда желілерінің 40%-ы көтерме жеткізушілердің тауар тасымалдаудағы қиындықтарына байланысты нарықтағы тауарлық ұсыныс көлемі мен және ассортименттің төмендеуін байқайды.
Отандық бөлшек саудагерлердің 82%-ы биыл жеңілдік жасау бағдарламаларының маңызы артқанын және бағдарламалардың жетіле түскенін атап өтті. Сауалнамаға қатысқан сауда желілерінің 64%-ы жеке онлайн-сату желісін дамытуды маңызды деп санайды.
2023 жылғы ең осал тренд жаңа сауда желісін ашу екені анықталды. Респонденттердің 36,4 %-ы экономикалық тұрақсыздықта жаңа сауда нүктесін ашу қисынсыз деп санайды.
Сауда әлемінің халықаралық конвенті 10 жылдан бері әр түрлі елдің сауда саласын дамытуда стратегиялық рөл атқарды. Конвент осы саланың негізгі ойыншылары – бөлшек саудагерлер, дистрибьюторлар, FMCG тауарларын жеткізушілер мен өндірушілер, түрлі елдердің бөлшек сауда жабдықтары мен технологиялары үшін тиімді кездесу алаңын ұсынды. Конвенцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Латвия, Литва, Словения, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Түркия, Германия және Италиядан 7500-ден астам жеткізуші қатысты. 1000-нан астам жеткізуші сауда желілерімен келісімшартқа отырып, өз өнімдерін жеткізу географиясын кеңейтті.