Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапармен барады

8-05-2023, 11:40 Думан Кенжеғазыұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция,  көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Қытай» саммитіне қатысады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив