Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы тағайындалды
Конкурстық комиссияның шешімімен және Семей қаласының әкімі өкімімен Тұрсын Еркебұлан Серікқалиұлы Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
Еркебұлан Серікқалиұлы 1993 жылы Алматы облысы, Қонаев қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжін «Шет тілі» мамандығы бойынша, 2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, 2022-2025 жылдар аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде докторантурада оқыды.
Еңбек жолын 2012 жылы «Сана» Шығыс Қазақстан облысы жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы орынбасары ретінде бастаған. Әр жылдары Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде және «Қайнар жоғары колледжі» ЖШС – де оқытушы, «Қазақстан жастарын қолдау» ШҚО ЖҚБ төрағасы, «Sarzhal agro» ЖШС директоры, Абай облысы Еңбек мобильділігі орталығы директоры қызметтерін атқарды.
2026 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін «Абай облысы Семей қаласының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімі қала әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды.