Семей қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 9 мамыр —Жеңістің 78 жылдығы қарсанында, 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін қаламыздағы Ұлы Отан соғысына қатысқан Әбдіғали Қаймолдин, Асқар Рахимбаев, Александр Атавин, Николай Бутко, Екатерина Краснянская, Дмитрий Литвиненко, Иван Шевцов, Матвей Юрченко сынды ардагерлерді құттықтады.
Ардагерді салтанатты түрде ұлықтау рәсіміне Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, «Шығыс» әскери қолбасшылығының горнизондық әскери үйінің оркестрі, Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінің командирі подполковник А. Исенов және 5511 әскери бөлімінің оркестрі, Семей қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.
Ардагерлерге қала әкімі атынан естелік сыйлықтар табыс етіліп, соғыс жылдарындағы әндермен құрмет көрсетілді.
«Шығыс» әскери қолбасшылығының горнизондық әскери үйінің оркестрі «Жеңіс жолында» әнін сүйемелдеді. Сонымен қатар, ұрпақтар сабақтастығы ретінде жас бүлдіршіндер ардагерлерге өлең арнады.