Cемей32°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.33 566.3 6.74

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алакөлдегі бизнеске қолдау көрсетуді күшейтуде

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Туристік маусым қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабеков пен камералдық мониторинг басқармасының басшысы Еркежан Бүркітова Мақаншы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Алакөл жағалауындағы кәсіпкерлермен көшпелі кездесу өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру және бизнеске консультациялық қолдау көрсету. Кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзгерістер, арнайы салық режимдерін қолдану тәртібі, бақылау-касса машиналары мен POS-терминалдарды пайдалану, жалдамалы қызметкерлерді рәсімдеу және салықтық міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, қызметін заңнама талаптарына сәйкес жүргізуге қатысты тәжірибелік ұсынымдармен танысты.

Бүгінде Алакөл жағалауында 329 салық төлеуші қызметін жүзеге асыруда, 347 бақылау-касса машинасы және 136 POS-терминал тіркелген. 2025 жылы жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен бақылау іс-шараларының нәтижесінде қосымша 74 азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, 91 жалдамалы қызметкер заңдастырылды, сондай-ақ кәсіпкерлердің табысы 2,4 млрд теңгеге артты.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңірде қолайлы әрі ашық бизнес-ортаны қалыптастыру, салықтық сауаттылықты арттыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив