Кәсіпкерлер жаңа салық кодексіндегі камералдық бақылауға қатысты ұсынысын айтты
Салық салу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы камералдық бақылау тақырыбына арналды. Жиын Ұлттық палата алаңында өтті. Оған 180-ден астам кәсіпкер қатысты.
Қолданыстағы Салық кодексінің ережелеріне сәйкес камералдық бақылаудың басты мақсаты – салық төлеушінің салық құқық бұзушылықтарын өз бетінше жою құқығын белгілеу. Алайда, Ұлттық палата төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың пікірінше, бұл құрал «онлайн-форматтағы салықтық тексеруге айналды және мұндай тәсіл мүлдем дұрыс емес». Сонымен қатар, спикер қазіргі форматтағы камералдық бақылау механизмі бастапқыда айтылған мақсаттан алыс екенін және осы жағдайды өзгерту қажеттігін атап өтті.
Жиынға қатысушылар камералдық бақылау жүйесін реформалау қажеттілігімен келісті. Олар салықтық әкімшілендіруді жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Қазақстандық салық консультанттары қауымдастығының өкілі Азамат Амантаев салық органы бақылауды бизнес өкілдеріне жүктеп, камералдық бақылау шағын тексеруге айналды деген пікірмен келіседі. Бұл «тізбесі анық көрсетілмеген құжаттарды шығаруға әкеледі, оның салдары [салық органдарымен] көп дау тудырады».
Спикер камералдық бақылау шеңберіндегі хабарламалар нақты бұзушылықты көрсетпейтін жағдайлар бар екенін айтып, бұзушулық мөлшері 0 теңге көлеміндегі хабарламаны мысалға келтірді, бұл салықтық әкімшілендірудің сапасы төмен екенін көрсетеді.
Заң консультанты Мәдия Киржибаева Салық кодексінде камералдық бақылау рәсімдерін жүргізбестен мәміленің жарамсыздығы туралы талап қоюға тыйым салуды белгілеу бөлігінде толықтыру қажеттігін атап өтті.
«Мынадай үш сатылы рәсім көзделуге тиіс: камералдық бақылауды хабардар ету, кейін тақырыптық салықтық тексеру жүргізу, содан кейін ғана салық органы мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқылы. Осылайша, салық төлеушінің камералдық бақылау және салықтық тексеру барысында өз мүддесін қорғауға құқығы болады», – деді спикер.
Консалтингтік компанияның өкілі Айгерім Қабдиева салықтық әкімшілендіру шараларын жақсарту үшін бірқатар мәселені реттеу қажеттілігі туралы пікір білдірді. Атап айтқанда, хабарламаларда салық органдары анықтаған алшақтықты егжей-тегжей мағынасын ашу, орындаушы туралы ақпараттың болмауы. Осының салдарынан кәсіпкерлердің уақыт және әкімшілік шығындары көбееді.
Түйткілді мәселелерді талқылау барысында қатысушылар камералдық бақылау шеңберінде салық тіркелімдерін пайдалану; сол салық кезеңі үшін қайталама хабарламалар беруге тыйым салуды белгілеу; салық төлеуші де деректерді салыстырып, құқық бұзушылықты жоюы үшін камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін салық органдары пайдаланатын ақпараттық көздердің тізілімін қарастыру; салық органдарының іс-қимылының регламентін әзірлеу және қате жіберілген хабарламалар үшін жауапкершілікті қарастыруды ұсынды.
Біздің ортақ пікірін қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасады. Жұмыс тобының жұмыс қорытындысы бойынша келісілген ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Жұмыс тобының мүшелері жаңа Салық кодексінің жобасына өз ұсыныстарын салық департаментіне мына электрон пошта арқылы жібере алады: info@atameken.kz.