Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Астанада Қарулы күштердің әскери қызметшілері қаза тапқан батырларды еске алды

9-05-2023, 13:00 Думан Кенжеғазыұлы

Жеңіс даңғылындағы Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған монументалды кешенге гүл шоқтарын қою рәсіміне Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты.

Қазақстан жауынгерлерінің ерлігіне құрмет көрсету үшін монументке Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштер мен жергілікті соғыстардың ардагерлері, тыл еңбеккерлері, "Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері келді.

Іс-шараға қатысушылар қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Рәсім соңында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жиналғандарды Жеңіс күнімен құттықтады. Министр 9 мамыр - әлемді фашизмнен қорғап қалған ұрпақтың ерлігін еске алып, ризашылық білдіретін күн екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив