Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

«Қазавиақұтқару» ТЖМ авиациясының 2 тікұшағы Медеудегі өртті сөндіруге жұмылдырылды

9-05-2023, 13:29 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 7 мамырда сағат 23 .52-де Медеу ауданы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің филиалы, Кіші Алматы орманшылығының тау баурайында құрғақ шөптер мен құлаған ағаштар (қураған ағаштар) жанды.

8 мамыр күні таңертең ерте Медеу маңындағы таулардың баурайындағы өртті жою үшін Ми-171 тікұшағымен әуе кемесінің командирі Алексей Козловский бастаған, екінші ұшқыш Құлатай Ерболат, БМИ Дәулетхан Үкібасов, БО  Манас Тынышбаев экипаж ұшып кетті. Біраз уақыттан кейін екінші әуе кемесінің ұшып шығуы үшін қосымша өтінім берілді, ол іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша кезекшілікке тартылды және 5А СТҚ су төгу құрылғысымен жабдықталмаған. РӨТТҚКУ басшысының міндетін атқарушы Дмитрий Медведков басшылық еткен, сондай-ақ ОФ басқармасы бойынша жауапты Асқар Тулеужанов болған инженерлік-авиациялық қызметтің кезекші жерүсті инженерлік құрамы (Мейіржан Бекбаев В1 инженері, Мақсат Баякенов В1 инженері, Александр Альмухамедов В2 инженері, Сәкен Бекжанов В2 инженері) жедел іс-қимылдардың арқасында тікұшақ өртті сөндіруге қысқа мерзімде дайын болды. Осылайша, әуе кемесінің командирі Айбек Ержанов, екінші ұшқыш Серік Қожағұлов, БМ Ұлбала Абдилдаев, БО Молотжан Дуганов бастаған Ми-8АМТ тікұшағы өртті сөндіруге көмекке ұшып барды. Елдің оңтүстік өңіріндегі авиациядан жауапты тұлға инфрақұрылымды басқару жөніндегі директор-оңтүстік өңірлік басқарманың директоры Жәнібек Байбосынов болып табылады, ол таңертең ерте авиация күштері мен құралдарын бөлуді жүзеге асырды.

Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша әуеден жану ошақтарына 12 рет су төгілді. 5А су төгу құрылғыларының көмегімен жалпы әуеден 34 рет (102 тонна) су төгілді. Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 62 адам мен 5 бірлік техникадан, МҰТП 56 қызметкерінен құрылған топ жедел шаралар қабылдады. ТЖ жою аймағында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

Күрделі рельефті жер болғандықтан, биік құрғақ шөптер мен қураған ағаштың көп болуынан, сондай-ақ қатты желдің әсері өртті сөндіруде қиындық туғызуда.

Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрт 8 мамырда сағат 17:53-те оқшауланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив