Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.71 531.26 6.05

Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасында 4 медаль жеңіп алды

17-06-2026, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Швеция Корольдігінің Гётеборг қаласында 10-шы Еуропалық физика олимпиадасы (European Physics Olympiad, EuPhO 2026) өз мәресіне жетті. Беделді халықаралық білім додасына әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысты.

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Күміс медаль иегерлері:
• Сейтқамит Арғын – Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағыттағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
• Әбдіқадыр Таир – Қостанай облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
• Сабыров Мерген – Астана қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегері:
• Жоламан Абылайхан – Алматы қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманың халықаралық олимпиадаға қатысуын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Темірлан Исмағұлов үйлестірді.

Еуропалық физика олимпиадасы – физика пәні бойынша дарынды оқушылардың теориялық білімі мен эксперименттік дағдыларын бағалайтын беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттырып, жас физиктердің жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив