Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Семей қаласының прокуратурасы шетелдік кәсіпкердің құқығын қорғады

10-05-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының тұрғыны – азаматша «Д» және Польша Республикасының азаматы «С» Семей қаласына алма және алмұрт жемістерін жеткiзу туралы келіскен. Келісімге сәйкес, Польша азаматы Семей қаласына жалпы құны 16,8 млн тенге болатын жемістерді жөнелткен.

Алайда, азаматша «Д» тауарларды алғаннан кейін, шетелдік кәсіпкерді алдау мақсатымен келген жемістерден өсімдіктер ауруы табылып, сол себепті тауар жойылғаны туралы жалған фитосанитарлық құжаттарды жасап жолдаған.

Өз кезегінде  Азаматша «Д»  алған тауарларын Семей қаласының аумағында емін-еркін сатып, түскен пайданы өз мүддесінде жұмсаған. 

Бірінші сатыдағы сот аталған тұлғалар арасында тек азаматтық құқықтық қарым-қатынастар бар деп тауып, азаматша «Д» ақтап, Польша азаматына келтірілген шығынды өтеуден бас тартты. 

Прокуратураның өтінішхаты негізінде үкім апелляциялық сот алқасымен бұзылып, азаматша «Д» аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сонымен бірге, Польшалық кәсіпкерге келтірілген материалдық залал толығымен өндірілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив