Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
448.61 503.83 5.48

Газ пайдалану кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

24-03-2026, 16:17 018.kz

Тұрмыстық газ адам өмірін жеңілдететін маңызды ресурс болғанымен, ол жоғары қауіп көзі болып табылады. Күнделікті тұрмыста табиғи газдың екі түрі пайдаланылады: үйлерге құбыр арқылы жеткізілетін магистральдық газ және баллондарда сақталатын сұйытылған газ.

Газдың ағып кетуі улануға, өртке немесе жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газды пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажет.

Газ баллондарын пайдалану кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары:

  • газ баллонын қоспас бұрын, газдың ағып тұрмағанына көз жеткізу;
  • газ баллондарын жылу бөлетін құрылғылардың жанына орналастырмау;
  • газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын тек мамандандырылған ұйымдардың мамандарына тапсыру;
  • тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю бекеттерінде немесе жанармай станцияларында толтырмау.

Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өз өміріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив