Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Черногория Президенті Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде болды

23-06-2026, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанға ресми сапары аясында Черногория Президенті Яков Милатович жұбайы Милена Милатовичпен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейін аралады. Экскурсия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қонақтарға музейді таныстырды.

Мәртебелі меймандарға Ұлттық музей экспозициялары көрсетілді. Олардың қатарында түркі халықтарының материалдық және рухани мұрасын танытатын Ұлы дала тас мүсіндері залы, бірегей археологиялық жәдігерлер сақталған Алтын залы және Есік қорғанынан табылған әлемге әйгілі «Алтын адам» экспозициясы бар.

Сондай-ақ қонақтарға ежелгі көшпелілердің дүниетанымы мен жерлеу дәстүрлерінен сыр шертетін көрнекті жерлеу кешендерінің реконструкциялары таныстырылды. Солардың бірі – салтанатты әбзелдермен безендірілген жылқыларымен ерекшеленетін Берел қорғаны.

Экскурсия соңында Яков Милатович музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив