Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Агроөнеркәсіп кешеніндегі Үлкен жоба 100% жүзеге асырылуы тиіс – С. Жұманғарин

11-05-2023, 08:51 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның 11 өңірінде салынатын 65 сүт-тауар фермасының құрылысы 2023 жылға арналған АӨК саласындағы Үлкен жоба пулына енді. Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – cауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте оны жүзеге асыру барысы талқыланды.

Үлкен жоба мақсаты — негізгі азық-түлік өнімдерін өндіретін зауыттар құрылысының жобаларына жеңілдікпен несие беру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының оң тәжірибесін тарату. Осы механизм арқылы 2 жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 21 сүт-тауар фермасы салынды. Нәтижесінде, бүгінде шамамен 648 мың тонна сүт немесе ел бойынша өндірістің 10,3%-ы Солтүстік Қазақстан облысы өндіреді.

5 жылға есептелген Үлкен жоба сүт-тауарлы фермалар (400 бастан), көкөніс қоймалары (1000 тоннадан), ет бағытындағы құс фабрикалары (жылына 5000 тонна ет), балық өсіру, суармалы егіншілік жобаларын қамтиды. Бірінші кезеңде, 2023 жылы жобаны жүзеге асыруға 100 млрд теңге бөлінді. Бұл қайтарымды қаржыға 65 тауарлы-сүт фермасы салынады. Ең көп зауыт Солтүстік Қазақстанда  — 17, Алматы облысында — 12, сондай-ақ Павлодар мен Ақмола облыстарында 7 тауарлы-сүт фермасы салынады. Салынған зауыттар толық қуатқа шыққанда Қазақстандағы сүт өндірісі 322 мың тоннаға ұлғаяды. Бұл еліміздегі сүт өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 5%-ы болмақ.

Үлкен жоба бойынша қаржыландырудың негізгі шарттары: жылдық сыйақы мөлшерлемесі 0,01% болатын, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында әкімдіктерге 10 жыл мерзімге қаражат беру. Негізгі борышты өтеудің жеңілдік кезеңі 24 айдан аспайды, бюджеттік кредитті игеру мерзімі — 12 ай.  Номиналды сыйақы мөлшерлеме — жылдық 2,5%-дан аспайды.

Үлкен жобаны жүзеге асыруға қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар дайын. Агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру қағидалары мен Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданғаннан кейін әкімдіктер сенімді агентті таңдап, жеңілдікпен қаржыландыру жобаларын іріктеу үшін конкурстық комиссия құра алады.

«Көп қаржы бөлінетін әрбір жоба 100% іске асырылуы тиіс. Елдің негізгі азық-түлік өнімдері бойынша импортқа тәуелділігін төмендетуге арналған ірі инвестициялық жобаларды Несиелеу бойынша үлкен жоба және ауыл тұрғындарына арналған әрі ауыл шаруашылығы саласы мамандарын ауылға қайтаруға бағытталған «Ауыл аманаты» шағын Несиелеу бойынша жоба, оған жылдық 2,5%-бен 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы саласының негізіне айналуы тиіс. Бұл екі жобада да біз үшін ең маңыздысы — сапа. Біз шағын жобаларға қаражат шашпау үшін және жобалардың сапалы орындалуы үшін Үлкен жобадағылардың санын қысқарттық. Өз тарапынан Үкімет оны іске асыру үшін қажет барлық құжатты қабылдайды, ал әкімдіктер еш қатесіз, 100% орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив