Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі өзгереді

11-05-2023, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын дайындады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы
8 ақпандағы № 34 бұйрығымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілді.

Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» Заңның 27-бабы
1-тармағының негізінде «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығының күші жойылды деп танылуы тиіс.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 22 мамырына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14545964

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив