Cемей38°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
486.47 554.77 6.26

Қазақстан мен Әзербайжан 2027 жылдан бастап автотасымалдарға арналған рұқсаттарды толықтай электронды форматқа көшіреді

Бүгін, 13:31 018.kz

Баку қаласында Халықаралық автомобиль қатынасы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Әзербайжан аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар 2027 жылдан бастап қағаз түріндегі рұқсат бланкілерінен толықтай бас тартып, e-Permit жүйесі арқылы рұқсаттарды рәсімдеу мен алмасуды толық электрондық форматқа көшіру туралы келісімге келді. Бұл шешім цифрлық технологияларды енгізудің оң тәжірибесі мен халықаралық автомобиль тасымалдарында электрондық рұқсаттарды қолданудың тиімді нәтижелерін ескере отырып қабылданды.

Отырыс барысында электрондық құжат айналымына көшу әкімшілік рәсімдерді оңтайландырып, тасымалдау үдерісінің ашықтығын арттыруға және халықаралық тасымалдарды рәсімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ тараптар екіжақты және транзиттік жүк тасымалдарын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсіп келе жатқаны, сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжанның халықаралық көлік дәліздерін дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Тасымалдаушылардың өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету мақсатында тараптар 2026 жылға қосымша 6 000 электрондық рұқсатпен өзара алмасуға келісті.

Сонымен қатар, 2027 жылға арналған рұқсаттардың алдын ала квотасы 28 000 бірлік көлемінде келісілді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 12 000-ға артық. Квотаның ұлғаюы халықаралық автомобиль тасымалдарына сұранысты қамтамасыз етуге және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив