Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
474.47 541.37 6.08

Абай облысында Қаржылық мониторинг агенттігі жас қызметкерлерінің өңірлік слеті өтіп жатыр

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі жас қызметкерлерінің өңірлік слеті басталды. Маңызды басқосуға Алматы қаласы, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жас мамандары жиналды.

Слеттің ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс  Елемесов қатысып, жас қызметкерлерді құттықтады.

Аймақ басшысы Президент айқындаған Заң мен Тәртіп қағидатын нығайту жолында Қаржылық мониторинг агенттігінің атқарып отырған жұмысының маңызын атап өтті.

«Абай облысы үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас, білімді, бастамашыл қызметкерлерді қарсы алу – үлкен мәртебе. Сіздер – мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, заң үстемдігін нығайтатын жаңа буын мамансыздар. Алдарыңызда үлкен мүмкіндіктер мен зор жауапкершілік тұр. Бүгінгі басқосу сіздер үшін тәжірибе алмасатын, білімдеріңізді толықтыратын, жаңа достар тауып, кәсіби тұрғыдан шыңдалатын маңызды алаң болады деп сенемін. Мемлекет басшысы елімізде Заң мен Тәртіп қағидатын орнықтырудың маңызын үнемі атап келеді. Осы бағытта Қаржылық мониторинг агенттігінің атқарып отырған қызметі ерекше мәнге ие. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адалдықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз азаматтардың құқықтарын қорғауға, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға зор үлес қосып келеді», – деді Берік Уәли.

Ерекше атап өтерлігі, облыс әкімдігі мен Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті арасындағы өзара іс-қимылдың нәтижесінде заңсыз қаражат тартқан құрылыс салушыларға қатысты тергеу барысында үлескерлердің құқықтары қорғалып, келтірілген залал өтеліп, азаматтар баспанасына қол жеткізді.

Слет аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, қаржылық қауіпсіздік, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәсіби даму, психологиялық даярлық және қызмет барысында тиімді коммуникация қалыптастыру мәселелері бойынша практикалық сессиялар мен тренингтерге қатысады. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының басшыларымен және сала ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив