Қазағымның үнісің сен – домбыра: Абай облысында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды
Абай атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ұйымдастырылды. Аталулы шара Ұлттық домбыра күнін кеңінен насихаттауға және қазақ халқының төл өнері мен мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.
Музей директоры Ұлан Сағадиевтің айтуынша, 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияда Қазақстан халқының мәдениеті мен ұлттық болмысын дамытуға ерекше мән берілген.
Музейдің экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Бұлбұлназ Уахметова көрмеде дәуірдің рухын сақтап тұрған бірегей жәдігерлер ұсынылғанын атап өтті.
Көрменің ашылу салтанаты домбыраның күмбірлеген үнімен өрілді. Шығармашылық ұжымдардың жас өнерпаздары көпшілікке танымал күйлерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Келушілер жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігі мен нәзік музыкалық талғамына жоғары баға берді.







