Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
474.47 541.37 6.08

Әділетті Қазақстанның Әділетті Заңын көру бақыты бұйырды - Нұрлан Назарханов

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданының Шұғылбай ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты өз пікірін білдіріп, Ата Заңның ел болашағы үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметте, оның ішінде ауылдық округтің әкімі ретінде отыз жылдан астам уақыт бойы елмен бірге еңбек етіп, Қазақстанның даму жолындағы көптеген тарихи кезеңдердің куәсі болған. Осы жылдар ішінде мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуінің басты кепілі – заңның үстемдігі мен халықтың бірлігі екеніне анық көз жеткізгенін жеткізді.

«Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданып, күшіне енген жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің жаңа даму кезеңіне бастайтын маңызды тарихи құжат. Бұл – халқымыздың еркін білдіретін, ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі», – деді Нұрлан Назарханов.

Әкімнің пікірінше, жаңа Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға ерекше басымдық берілген. Бұл өзгерістер ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің тұрақты дамуына жаңа серпін береді.

«Біз, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды басшылыққа ала отырып, халыққа адал қызмет етуге, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және Мемлекет басшысы айқындаған реформаларды сапалы жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», – деді Нұрлан Назарханов.

Сөз соңында ауылдық округ әкімі жерлестерін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуімен құттықтап, елге амандық пен бірлік тіледі.

«Барша жерлестерімді жаңа Конституцияның күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық салтанат құрып, халқымыздың ынтымағы нығая берсін. Берекелі бірлігіміз бекем болып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын», – деді Нұрлан Назарханов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив