Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Қазақстан Халықаралық маршруттық желіні кеңейтуде: Қытай мен Қырғызстанға жаңа рейстер ашылуда

Бүгін, 11:43 018.kz

ҚР Көлік министрлігі ұшу бағыттарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осы жұмыс аясында қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы Қытай мен Қырғызстан бағыттары бойынша жаңа халықаралық рейстерді іске қосты.

Ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап әуе компания Ақтау – Үрімші (Қытай) бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл (Қырғызстан) бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер іске қосылды. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалатын болады.

Жаңа халықаралық әуе бағыттарының ашылуы Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапарлар мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив