Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысында алты ай ішінде 468 интернет-алаяқтық дерегі тіркелген

Бүгін, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында интернет-алаяқтықтан сақтану және киберқылмысқа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Мират Қабытаев мәлімдеді.

2026 жылдың алғашқы алты айында облыста 468 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Оның 369-ы Семей қаласына тиесілі. Өткен жылдың салыстырғанда мұндай қылмыстар саны азайғанымен, мәселе әлі де өзекті. Қазіргі таңда тіркелген қылмыстардың 100-ден астамы ашылды.

– Интернет-алаяқтықтан сақтанудың ең тиімді жолы – азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру. Күмәнді қоңырауларға сенбеуге, белгісіз сілтемелерді ашпауға және жеке деректерді ешкімге бермеуге шақырамыз. Алаяқтардың әрекет ету тәсілдері үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан сақтық – басты қорғаныс, – деді Мират Қабытаев.

Мамандардың айтуынша, алаяқтар көбіне әлеуметтік желілер мен онлайн сауда платформалары арқылы әрекет етеді. Сондай-ақ инвестиция салу, онлайн несие рәсімдеу, банк картасын қорғау, лотерея немесе түрлі ойындарға қатысты жалған ұсыныстар арқылы азаматтардың ақшасын иемдену фактілері жиі кездеседі. Бұдан бөлек, өздерін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, күмәнді операциялар туралы айтып, жеке мәліметтерді алдап алатын жағдайлар да аз емес.

Мұндай қылмыстарды ашу оңай емес. Себебі олардың басым бөлігі трансшекаралық сипатқа ие. Жәбірленуші бір өңірде болса, қылмыскер басқа аймақта немесе шетелде әрекет етуі мүмкін. Осыған байланысты полиция тұрғындарды қырағы болуға, күмәнді жағдайларға тап болғанда немесе алаяқтық белгілерін байқаған сәтте бірден құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив