Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауытының құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Бүгін, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр газ өңдеу зауытын салу барысы 61,4%-ға жетті, ал негізгі жабдықты жеткізу 98%-ға аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов мәлімдеді.

Оның айтуынша, құрылыс алаңында тәулік бойы 1775 жұмысшы мен 314 бірлік арнайы техника жұмылдырылған, бұл 2026 жылдың соңына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға мүмкіндік береді.

«Өткен жылы газды магистралдық тасымалдаудың жалпы көлемі 88,9 млрд текше метрді құрады. QazaqGaz ішкі нарыққа 20,5 текше метр газды жеткізді.  Қытайға экспорт 5,0 млрд текше метрді құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша таза табыс 270,9 млрд  теңгені құрады. Ішкі нарықты субсидиялау жылына 226,3 млрд теңге.  Ел бюджетіне 325,8 млрд теңге салық төленді», — деп атап өтті Әлібек Жамауов. 

Сонымен қатар ол бүгінде QazaqGaz барлау учаскесіне 6 келісімшарт алғанын айтты.  Перспективалы учаскелер саны 30-ды құрап отыр. Барлау учаскелері бойынша: Биыл Солтүстік-1, Солтүстік-2, Саралжын, Малдыбай учаскелерінде сейсмикалық барлау жұмыстары жоспарланған.  Зерттеу нәтижелері бойынша осы жылы үш барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған: біреуі Малдыбай учаскесінде,  екеуі Саралжында. 

Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бойынша 2026–2027 жылдары жер қойнауын геологиялық зерттеу үшін ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ жұмыстар 2Д сейсмикалық барлаудың 11 мың шақырымнан астам көлемінде жасалады. Оның ішінде геохимиялық және геофизикалық  жұмыстар бар. 13 учаскеде жұмыстар биыл басталады. 

ENI компаниясының қатысуымен Батыс Қазақстан  облысындағы Каменковский перспективалық блогы бойынша  бірлескен зерттеулер басталды. Ақтөбе облысындағы КТ-3 перспективалық блогы бойынша  әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 газ өңдеу  зауытын салу жобасы бойынша жиынтық прогресс 61,4%. Негізгі жабдықты жеткізу 98%-ға аяқталды. Құрылыс алаңында 1 775 жұмысшы мен 314 бірлік арнайы  техника жұмыс істейді. Түнгі ауысымда жұмыс ұйымдастырылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін  аяқтау жоспарлануда.  «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралдық газ  құбырының 2-ші желісін салу жобасы бойынша базалық  жобалау – 100%, инженерлік іздестіру – 98%, жобалау бойынша  барлығы – 35,56%-ға аяқталған. 

Газ айдау агрегаттары мен құбырларға арналған тапсырыстар орналастырылды. Құбыр өнімдерінің алғашқы партиясы Қытайдың шекарасында  тұр. Тамыздың басында жол жиегінде құбырларды төсеу  басталады. Тамыздың ортасында құбырларды дәнекерлеу және  орнату жұмыстары жүргізіледі. Газ айдау қондырғыларының бірінші партиясы өндіруші зауыттан қыркүйекте алынады. Қуаты жылына 2,5 млрд текше метр болатын Қашаған ГӨЗ  салу жобасының ЕРС мердігері анықталды. FEED+EPC келісімге  биылғы жылдың төртінші тоқсанында қол қою жоспарланған. ГӨЗ-ді салатын жер учаскесі анықталды. 12 маусымда Энергетика министрлігі алаңында NCOC  акционерлерімен жұмыстарды реттеу бойынша жиналыс өтті.

Осы жылдың 13 сәуірінде  QazaqGaz Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 млрд текше метр  ГӨЗ салу жобасының операторы болып тағайындалды. ГӨЗ жобасының ЕРС мердігері анықталып, 2 шілдеде алдын ала инжинирингтік жұмыстар бойынша  келісімге қол қойылды. QazaqGaz жасанды интеллектті қолдана отырып, есепті  цифрландыруға бағытталған «Aqyl Energy» жобасын жүзеге асыруда.  Жобаның негізгі мақсаты – газдың нақты есебін және есептеулердің  ашықтығын қамтамасыз ету. 

Жоба төрт негізгі бағытты қамтиды: 

  • Газды есепке алуды цифрландыру – жақында қабылданған  газбен жабдықтау жөніндегі заң шеңберінде деректерді  қашықтықтан бере отырып, 1,3 млн-нан астам есептеу аспаптарын зияткерлік есептегіштерге кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізілуде.  Бүгінде Қызылорда, Түркістан облысы мен Шымкентте 3200  есептеу қондырғысы орнатылды.  

  • Мобильді шешімдер – қосымшада көрсеткіштерді автоматты  түрде тану және eGov-пен интеграция жүзеге асырылды. 

  • Халыққа арналған сервистер – азаматтарға кеңес беру және  өтініштерді өңдеу үшін ЖИ-агент енгізілді. 

  • Аналитика және болжау – газды тұтынуды болжау және ауытқуларды анықтау үшін ЖИ құралдары енгізілуде.

«Бүгінгі таңда QazaqGaz 21,8 мың шақырым магистралдық және 76,9  мың шақырым газ тарату желілерін пайдаланады. Газбен сенімді және үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету  мақсатында сәуір айынан бастап газ тасымалдау жүйесі  объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау жүргізілуде. Бүгінде газбен жабдықтау нысандарының жалпы дайындық  деңгейі 57%-ды құрайды. Жұмыстарды 15 қыркүйекке дейін аяқтауды  жоспарлап отырмыз. Бекітілген кестеге сәйкес газды жерасты газ қоймаларына  айдау жүргізілуде.  Бұдан басқа, қабылданған заңнамалық өзгерістерге сәйкес  әкімдіктердің бюджет қаражаты есебінен салған газ желілері  QazaqGaz балансына тікелей берілетін болады. Бұл  орталықтандырылған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз  етуге және пайдалану сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Әлібек Жамауов. 

Баяндамасын қорытындылай келе басқарма төрағасы Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған барлық міндеттер орындалатынын және QazaqGaz-дың тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив