Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
450.69 505.04 5.45

Еңбек министрлігі жанындағы Сарапшылық кеңестің алғашқы отырысы өтті

8-07-2026, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен Министрліктің Сарапшылық кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Кездесу барысында Министрліктің негізгі цифрлық жобаларын дамыту мәселелері талқыланды.

Сарапшыларға Отбасының цифрлық картасының жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар, ЕХӘҚМ Бірыңғай цифрлық платформасын одан әрі дамыту, цифрлық сервистерді жетілдіру және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырыс ашық әрі сындарлы пікір алмасу форматында өтті. Сарапшылар өз сауалдарын қойып, тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Көтерілген барлық бастамалар жан-жақты зерделеніп, әлеуметтік-еңбек саласының цифрлық экожүйесін одан әрі дамыту барысында ескерілетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив