Атом саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі Салалық кеңес құрылды
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің қатысуымен атом саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі Салалық кеңес құрылды.
Сараптамалық алаң мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық органның, салалық жұмыс беруші ұйымдардың, сондай-ақ атом саласы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бейінді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді.
Салалық кеңестің негізгі мақсаты – атом саласындағы кәсіптік біліктіліктерді дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру. Осы мақсатта Кеңес салалық біліктілік шеңберлерін қарайды және бекітеді, кәсіптік стандарттарды, кәсіптер тізілімін өзектендіру жөніндегі ұсыныстарды келіседі, сондай-ақ кәсіптік біліктіліктерді тану тәсілдерін айқындайды.
Салалық кеңестің құрылуы атом саласы үшін кадрлар даярлаудың заманауи жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Кеңес қызметі мемлекет, білім беру ұйымдары және жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, білім беру бағдарламаларының саланың өзекті қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге, мамандар даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның атом саласының орнықты дамуына қажетті берік кадрлық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етеді.