Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
467.98 533.87 6.11

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауға бағытталған кезекті рейд ұйымдастырды. Шараның мақсаты – заңсыз қоқыс орындарының алдын алып, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

– «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты түрде рейд жүргізіп келеді. Біздің мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, тұрғындардың табиғатқа жанашырлықпен қарауына ықпал ету. Әр азамат тазалықты сақтауға үлес қосса, өңіріміз де таза, жайлы әрі көрікті болады, – деді Абай облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Мейрбек Нүрекенов.

Жыл басынан бері облыста абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 767 дерегі тіркелді. Сонымен қатар 45 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, оның 30-ы жойылды.

Рейд барысында Абай облысының жастары қала тұрғындарына тазалықты сақтау жөніндегі ақпараттық парақшалар таратып, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырды. Мұндай жұмыстар өңірде алдағы уақытта да жалғасады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив