Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Kazakh Invest пен METLEN Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді талқылады

10-07-2026, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров METLEN грек өнеркәсіптік тобының басшылығымен кездесті.

Тараптар Қазақстанның инвестициялық ахуалы жөнінде пікір алмасып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар металлургия және өнеркәсіп секторларындағы, оның ішінде аса маңызды шикізат, экономикалық цикл мәселелері және алюминийдің өндіру тізбегін дамыту бағытындағы инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылды.

Аталған сапар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып, шетелдік инвесторларға «бір терезе» қағидаты аясында компанияның Қазақстандағы инвестициялық жобаларын одан әрі пысықтау жұмыстары таныстырылды.

METLEN компаниясы энергетика және металлургия салаларында қызметін жүзеге асырады, әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейді және Лондон қор биржасында листингтен өткен.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив