Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
467.41 533.88 6.14

ҚТЖ алдағы жылыту маусымында көмір тасымалдауға вагон паркін дайындауда

Бүгін, 17:26 018.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін күзгі-қысқы кезеңдегі тасымалдарға дайындау жұмыстарын жүргізуде. Ерекше назар 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында әлеуметтік маңызы бар жүктерді, ең алдымен тас көмірді, үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге аударылуда.

Суық мезгілдің басталуымен тасымал көлемі дәстүрлі түрде артады, сондықтан жылжымалы құрамды дайындау жұмыстары алдын ала жүргізілуде. Бұл ең жоғары жүктеме кезеңінде вагон паркінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және көмірді тұтынушыларға уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді.

Дайындық аясында техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Вагондар жоспарлы және ағымдағы жөндеуден өтуде, мамандар олардың техникалық жай-күйін және қысқы пайдалану жағдайларына дайындығын тексеруде.

Жалпы 28 мыңнан астам жүк вагонын жөндеу-профилактикалық жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралар тасымалдау процесінің сенімділігін арттыруға және жылыту маусымы кезеңінде еліміздің өңірлеріне көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив