Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
467.41 533.88 6.14

Алакөлде кәсіпкерлерге салық тәртібі түсіндірілді

Бүгін, 17:15 018.kz

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаментінің басшысы Руслан Данияров жұмыссапарымен Алакөл көлінің жағалауына барып, кәсіпкерлермен кездесті және туристік инфрақұрылымнысандарының қызметімен танысты.

Жұмыс сапары барысында демалыс базалары мен өзгеде кәсіпкерлік нысандарын аралаған ведомство басшысыкәсіпкерлердің назарын кассалық тәртіпті сақтау, фискалдық чектерді міндетті түрде беру және салықтықміндеттемелерді уақтылы орындау мәселелеріне аударды. Руслан Данияров бизнесті ашық әрі адал жүргізу, салықтарды уақытылы төлеу және фискалдық чектерді беру кәсіпкерлікті дамытуға, тұтынушылардың сенімінарттыруға және өңірде қолайлы инвестициялық ахуалдықалыптастыруға ықпал ететін маңызды факторлар екенінатап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – тек бақылау жүргізу ғанаемес, сонымен қатар бизнес үшін ашық әрі қолжетімдімемлекеттік орган болу. Біз заңнама талаптарынтүсіндіруге, консультациялық қолдау көрсетуге жәнекәсіпкерлермен бірлесіп туындайтын мәселелерді шешугеәрдайым дайынбыз. Ашық диалог, өзара сенім және заңталаптарын сақтау жағдайында ғана туристік саланыңтұрақты дамуын қамтамасыз етіп, нарықтың барлыққатысушылары үшін тең жағдай жасауға болады», – дедіАбай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаментінің басшысы Руслан Данияров.

Естеріңізге сала кетейік, туристік маусым басталғаннанбері Алакөл көлінің жағалауында мемлекеттік кірістероргандарының мобильді тобы күн сайын кәсіпкерлерарасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, консультациялық қолдау көрсетуде және салықзаңнамасының талаптарын түсіндіруде.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті салық мәдениетін арттыруға, адалкәсіпкерлікті қолдауға және кәсіпкерлік қоғамдастықпенсындарлы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталғанжұмыстарды жалғастыруда. Ашық диалог, мемлекеттікқызметтердің қолжетімділігі және бизнеспен серіктестікқарым-қатынас ведомство қызметінің негізгіқағидаттарының бірі болып қала береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив