Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.71 531.26 6.05

Курчатовта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізілді

11-07-2026, 17:26 018.kz

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Руслан Шариповтың облыстық ақпараттық-насихат тобы құрамындағы Курчатов қаласына жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтті.

Жұмыс сапары барысында жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық бөлімшелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «АДАЛДЫҚ. АШЫҚТЫҚ. СЕНІМ.» атты форум ұйымдастырылды.

Форумда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік қызмет саласындағы адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдап, мемлекеттік қызмет саласына қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдады.

Сапар аясында Курчатов қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен «Мансап» орталығының жұмысы зерделеніп, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, қызмет көрсету сапасы және халықпен кері байланыс мәселелеріне назар аударылды.

Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен және «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздарымен, ҚР Ұлттық ядролық орталығының ұжымымен және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, нөлдік төзімділік қағидатын нығайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен комплаенс қызметінің рөлі түсіндірілді.

Жұмыс сапары мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және қоғам өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жетілдіруге бағытталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив