Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
468.88 534.1 6.04

Қазақстан Үкіметі Катар халқына көңіл айтты

Бүгін, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің қайтыс болуына байланысты Астанадағы Катар мемлекетінің елшілігінде ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды.  

Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан және өз атынан шейхтің отбасы мен Катар халқына қайғыра көңіл айтты. Онымен бірге елшілікке Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров та келді.

Көңіл айту кітабындағы жазбада Катар мемлекетін әлемдегі аса қарқынды дамудағы мемлекеттің біріне айналдыруда шешуші рөл атқарған дана әрі көреген мемлекет қайраткері ретіндегі шейх Хамад бен Халифа әл Танидің қажырлы еңбегі Қазақстан халқының жадында да мәңгі сақталатыны атап өтілді. Сондай-ақ оның Қазақстан-Катар қатынасының негізін қалап, екі ел арасындағы достық байланысты жан-жақты нығайтуға ықпал еткен қолдауы екіжақты ынтымақтастық тарихында елеулі із қалдырғаны ерекше атап өтілді.

Қазақстан мен Катар арасында 2000 жылдан бастап, ҚР Үкіметі мен Катар мемлекеті үкіметі арасындағы келісімге сәйкес, Қазақстан – Катар бірлескен комитеті жоғары деңгейде жұмыс істейді.  

Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылдан бері жұмыс органы ретінде Комитет қызметін оның 4-ші отырысынан бастап, қамтамасыз етеді. Қазақстан – Катар комитетінің тең төрағасы — Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив