Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
468.88 534.1 6.04

Энергетика министрлігінде саяси реформалар мен жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқыланды

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Министрлікте «ӘDILET» партиясы Астана қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

Кездесу барысында Конституцияда көзделген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормалар кеңінен түсіндірілді.

Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, Конституцияның мазмұны мен мәнін тереңірек түсінуге, сондай-ақ оның қағидаттарын күнделікті қызметте тиімді басшылыққа алуға ықпал етеді.

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Оның қағидаттарын жүзеге асыру – әрбір азаматтың және мемлекеттік қызметшінің ортақ жауапкершілігі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив