Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
468.88 534.1 6.04

Қазақстан құрамасы химиядан халықаралық олимпиадада ел намысын қорғауда

Бүгін, 13:10 018.kz

2026 жылғы 10-19 шілде аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында химиядан 58-ші Халықаралық олимпиада (International Chemistry Olympiad, IChO 2026) өтуде.

Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада алғаш рет 1968 жылы Чехословакияда ұйымдастырылған. Бүгінде бұл білім додасы 90-нан астам елдің ең дарынды жас химиктерін біріктіретін халықаралық алаңға айналды.

Биыл олимпиадаға 350-ден астам оқушы қатысып, теориялық және практикалық кезеңдер бойынша бақ сынауда. Әр кезең 5 сағатқа созылады. Қатысушылардың химиядан терең білімі, күрделі есептерді шешу қабілеті және зертханалық тәжірибені меңгеру деңгейі жан-жақты бағаланады.

Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының сапына төрт оқушы енді:

• Қали Әбілмансұр - Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;

 Жақсылықов Ансар - Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Полетаев Данил - Алматы қаласы Білім басқармасының «№134 лицей» КММ-нің 11-сынып оқушысы;

• Жеңісханова Айзере - Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы.

Химиядан халықаралық олимпиада (IChO) - мектеп оқушылары арасындағы химия пәні бойынша ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстан ұлттық құрамасы IChO олимпиадасына 1998 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақытқа дейін қазақстандық оқушылар 10 алтын, 35 күміс, 48 қола медаль және 4 Құрмет грамотасын иеленді. 2025 жылы ұлттық құрама 2 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив