Cемей34°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
468.88 534.1 6.04

Абай облысында бақша өнімдерінен улану жағдайлары тіркелмеген

Бүгін, 13:55 018.kz

Абай облысында бақша дақылдарының қауіпсіздігі және жазғы маусымда тамақтан уланудың алдын алу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұржан Ноғайбаев мәлімдеді.

2025 жылы және 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста бақша өнімдерінен улану және жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелмеген.

- Өнімдердің қауіпсіздігі тұрақты бақылауда. Биыл «Қауіпсіз өнімді таңдаңыз» акциясы аясында облыс бойынша 37 жеміс-жидек, 35 көкөніс және 24 бақша дақылының сынамасы зертханалық тексеруден өтті. Нәтижесінде барлық өнімдегі нитрат мөлшері белгіленген гигиеналық нормативтерге сәйкес келді,-деді Нұржан Ногайбаев.

Мамандар тұрғындарға бақша өнімдерін тек ресми сауда орындарынан сатып алуға, қабығы зақымданған немесе кесілген қарбыз бен қауынды тұтынбауға кеңес береді. Сондай-ақ өнімді пайдаланар алдында мұқият жуып, кесілген жемістерді тоңазытқышта сақтап, 24 сағат ішінде пайдалану ұсынылады.

- Жаз мезгілінде ауа температурасының жоғарылауына байланысты азық-түлік өнімдерінің тез бұзылу қаупі артады. Осыған байланысты жарамдылық мерзімі өткен, сақтау талаптары бұзылған немесе белгісіз жерден сатып алынған тағамдарды тұтынбау қажет.Қарапайым санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау арқылы тамақтан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алуға болады. Сондықтан тұрғындарды тек сапалы әрі қауіпсіз өнімдерді таңдауға шақырамыз, – деді спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив