Облыс әкімі республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесті
Кездесу барысында өңірдегі ардагерлер ұйымының жұмысы, аға буынның қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылын дамыту мәселелері талқыланды.
Облыс әкімі Берік Уәли ардагерлердің ел бірлігін нығайтудағы, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі және жас ұрпақты тәрбиелеудегі еңбегіне тоқталып, олардың тәжірибесі мен ақыл-парасаты қоғам үшін әрдайым маңызды екенін атап өтті.
Әбілғазы Құсайынов өңірдегі ардагерлер ұйымдарының қызметі, алдағы жоспарлар және ардагерлер қозғалысын дамыту бағытындағы ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесу соңында тараптар ардагерлер ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Абай облысының ардагерлер ұйымы – өңірдің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орны бар құрылым. Бүгінде ұйым құрамында 130 мыңнан астам зейнеткерді біріктіретін 395 бастауыш ардагерлер ұйымы, 2 қалалық және 10 аудандық ардагерлер кеңесі жұмыс істейді.




