Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.34 541.25 6.01

«Ұстаным» пікірталас клубының отырысында конституциялық құндылықтар мен азаматтық қоғамның мәселелері талқыланды

Бүгін, 10:27 018.kz

Қазақстанның Азаматтық альянсы «Конституция және құндылықтар: азаматтық келісімнің негізі» тақырыбында «Ұстаным» пікірталас клубының кезекті отырысын өткізді.

Жиынға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, еліміздің 20 өңіріндегі азаматтық альянстардың жетекшілері мен республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Отырыста конституциялық құндылықтардың маңызын арттыру, азаматтық қоғамның белсенділігін күшейту, мемлекет пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамыту, азаматтардың ел өміріне белсене араласуына қатысты мәселелер кеңінен сөз болды.

Одан бөлек тарихи-мәдени мұраны сақтау мен отбасы институтын нығайту жайы айтылды. Қатысушылар бұл құндылықтардың қоғамның тұтастығын сақтауда және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын атап өтті.

Жиын соңында ашық пікір алмасу өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындады. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив