Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.34 541.25 6.01

Адал қоғам - әр азаматтың жауапкершілігі

Бүгін, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру тақырыбында арнайы подкаст өтті. Подкаст барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және заңнамадағы соңғы өзгерістер кеңінен талқыланды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ерасыл Әділ қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрестегі негізгі бағыт - құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу екенін атап өтті.

- «Абай облысында мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, мемлекеттік қызметкерлермен тұрақты түрде түсіндіру кездесулері ұйымдастырылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда», - деді ол.

Подкаст барысында жастар арасында адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бүгінде облыста «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының қатысуымен кездесулер, TEDx форматындағы іс-шаралар, форумдар, интеллектуалдық ойындар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ спикер заңнамадағы соңғы өзгерістерге тоқталып, мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктері күшейтілгенін айтты. Оның сөзінше, бұл мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттырып, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Подкаст соңында тұрғындар заңсыз әрекеттерге бейжай қарамай, сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болған жағдайда құзырлы органдарға хабарлауға шақырылды. Спикердің айтуынша, заң бойынша хабарлаған азаматтардың жеке деректері толықтай қорғалады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив